Көкшетауда жеңілдетілген жол жүру кеңейтілді: II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар енді тегін қатынайды

Көкшетауда жеңілдетілген жол жүру кеңейтілді: II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар енді тегін қатынайды

Көкшетау қаласының қоғамдық көлігінде жеңілдікпен жол жүру туралы хабарландыру!
Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жекелеген азаматтар санаттарына жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу туралы» шешіміне сәйкес, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру азаматтардың 16 санатына ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жеңілдікке ие азаматтар санаты кеңейтіліп, оған II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар енгізілді. Аталған санаттағы азаматтарға ауру түріне қарамастан қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы беріледі.
Қабылданған шешім нәтижесінде 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап II және III топтағы мүгедектігі бар барлық азаматтарға жеңілдікпен жол жүру беріледі.
Жеңілдік берілетін көлік картасын алу тәртібі:
1. Шалқар көшесі, 9А мекенжайы бойынша орналасқан «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», жеңілдікке құқықты растайтын мүгедектік туралы анықтама алу қажет.
2.Анықтамамен бірге электрондық билеттеу жүйесінің операторы ЖШС «KoksheBusTolem» Б. Әшімов көшесі, 243 мекенжайы бойынша ұсыну қажет. Аталған жерде фотосуретке түсіру жүргізіліп, жеңілдік берілетін көлік картасы беріледі.