Қала әкімдігінде Наурыз мейрамын ұйымдастыру барысы қаралды

Қала әкімдігінде Наурыз мейрамын ұйымдастыру барысы қаралды

Көкшетау қаласы әкімдігінде қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Наурыз мейрамын» дайындау және өткізу мәселелері қаралды.
Мерекелік іс-шаралар 22 наурыз күні Абылай хан алаңында және «Жаңа Жағалау» аумағында өтеді. Жауапты қызметтерге іс-шараларды ұйымдастыру, қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық сүйемелдеуді және санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ кеңес барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу мәселесі талқыланып, жұмыс берушілердің жарналарды уақтылы төлеуіне бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.