Тең мүмкіндіктер қаласы: «Бірлік» ұйымына әкімнің жұмыс сапары

Тең мүмкіндіктер қаласы: «Бірлік» ұйымына әкімнің жұмыс сапары

Жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев инклюзивті еңбек ортасын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп отырған «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің қызметімен танысты.
Әкім мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ететін жұмыс орындарын аралап, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар жұмыс істейтін шеберхананы және есту қабілеті бұзылған қызметкерлер еңбек ететін тігін бөлмесін көрді.
Әкім ұжыммен әңгімелесіп, еңбек жағдайларына, жұмыс үдерісіне және қызметкерлерге көрсетіліп отырған қолдау туралы қызығушылық танытты. «Бірлік» ұйымында мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қабілеттерін іске асыруына, өзін қажетті әрі ертеңгі күніне сенімді сезінуіне мүмкіндік беретін қолайлы әрі бейімделген жағдайлар жасалған.
Ұжыммен кездесу барысында еңбек жағдайлары мен қызметкерлерге көрсетіліп отырған қолдау шаралары талқыланды. Мұндай бастамалар инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.