«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Станционный кентіндегі № 7 білім беру мектебінің алаңында Көкшетау қаласы әкімдігінің бастамасымен «Көрсетілетін қызметті алушы күні» өткізілді.

Өткізудің мақсаты - халықты мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру. 
Іс-шара Станционный кентінің әкімі  Әлібек Тілегенұлы Төлебаевтың қатысуымен өтті. «Энерго Пром Компани» ЖШС басшысы П. А. Назаров шақырылды. 
Станционный кентінің тұрғындары көрсетілетін қызметті алушы күні сұрақтар қоюға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес алуға, қажетті құжаттардың тізбесін алуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында шешілмеген мәселелер бақылауға алынып, жұмыс тәртібімен шешілетін болады.  
Іс-шарада көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың өкілдері көрсетілетін қызметті алушыларға жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, басқа да мәселелер көтерілді, тұрғындарға қажетті ақпарат берілді.