Шағын және орта бизнестің зардап шеккен салаларына мемлекет жаңа құралдар арқылы қолдау көрсетеді

Шағын және орта бизнестің зардап шеккен салаларына мемлекет жаңа құралдар арқылы қолдау көрсетеді

Ендi кәсiпкерлер барлық несиелерiнiң жүгiн азайта алады

Қазақстан Үкiметi «Жеке кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдаудың кейбiр шаралары туралы» қаулыға өзгерiстер бекiттi. Ол бойынша дағдарыстан зардап шеккен экономика секторларындағы шағын және орта бизнеске көмек көрсетiлетiн болады.

Дәстүрлi жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «шағын және орта бизнес өте қиын кезеңдердi бастан кешiп отыр. Пандемияның соқысы алдымен соларға тидi» — деген едi. Президент Үкiметке шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсетудi, атап айтқанда: несиелерiн жеңiлдiкпен қайта қаржыландыруды тапсырған болатын. Жаңа бекiтiлген өзгерiстер бойынша, COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс кезiнде зардап шеккен кәсiпкерлер 2020 жылдың 31 тамызына дейiн алынған лизинг мәмiлелерi мен несиелерiн «Даму» Қоры арқылы iшiнара субсидиялай алады.

Қолдау алатын компаниялар мен кәсiпорындар қатарына жеке сауда саласындағы, қонақ үй, туристiк қызмет, кинотеатр, фитнес-орталықтар, көлiк жөндеу мен техсервис қызметi, мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм беру секiлдi қызмет көрсететiн 29 түрлi сала енген.

«Өзгерiс шартттарына сәйкес, кәсiпкер номнал мөлшерлеменiң тек 6%-ын ғана төлейдi. Ал айырмасын мемлекет өтеп бередi», — дедi «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ өкiлдерi.

Бағдарламаға қатысудағы басты шартардың бiрi  — кәсiпкерде 2020 жылдың 16 наурызы күнiн есепке алғандағы мерзiмде 180 күннен асқан несие мөлшерлемесi және/немесе негiзгi қарызы бойынша кешiктiру, қарызы болмауы керек.

Қолдаудың жаңа шарасы 2020 жылғы 16 наурыз бен 2021 жылғы 15 наурыз аралығындағы кезеңге (субсидиялау кезеңi) көзделген, бұл ретте несие бойынша сыйақының номинал мөлшерлемесi 16 наурыз бен 31 тамыз аралығындағы кезеңге шектелмеген, 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 наурыз аралығындағы кезеңге 18% — дан аспауға тиiс.

Мемлекеттен қолдау алу үшiн кәсiпкерлер биыл 30 қазанға дейiн банкке өтiнiм беруi қажет, бұдан әрi «Даму» Қоры банктер берген тiзiлiмдер мен сауалнама-өтiнiштер негiзiнде 5 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде субсидиялау мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.