Ақмола облысының барлық деңгейдегі әкімдері форумына Көкшетау делегациясы қатысты

Ақмола облысының барлық деңгейдегі әкімдері форумына Көкшетау делегациясы қатысты

11 желтоқсанда Зерендада облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдердің форумы өтті. Көкшетаудан қала әкімі, Красный Яр ауылдық округінің әкімі және Станционный кентінің әкімі қатысты.

Пленарлық сессия барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы қазіргі кезең тарихи сәт ретінде қарастырылатыны атап өтілді. Мемлекеттік органдардың жұмысы формалды есептерге емес, халықтың нақты қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс. Басты басымдық – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

Марат Ахметжанов негізгі міндеттерді айқындады:
– тұрғындардың шынайы мәселелеріне бағытталған жұмыс үлгісін күшейту;
– ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу үлесін ұлғайта отырып, стратегиялық сектор ретінде дамыту;
– цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп, АӨК саласында жасанды интеллектті қолдану бойынша өңірді көшбасшы ету;
– төртінші деңгейлі бюджеттердің дербестігін арттыру және трансферттерге тәуелділікті төмендету.

Пленарлық бөлімде Красный Яр ауылдық округінің әкімі Серікжан Макиш округтің даму динамикасы туралы қысқаша ақпарат берді, оның ішінде салықтық түсімдердің өсуі мен инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы атап өтілді.

Форум барысында АӨК саласындағы табысты жобалар, ауылдардағы ұлттық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрғын үй реновациясы, цифрландыру және байланыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.

Форумның негізгі қорытындысы: барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысы адамға және оның өмір сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс.