Кездесу барысында жолдардың жағдайы, жарықтандыру, су мәселесі, абаттандыру және қысқы маусымға дайындық бойынша өзекті сұрақтар қаралды.
Әкім Станционный кенті тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, тұрғындар көтерген әрбір мәселе белгіленген мерзімде шешілетінін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге коммуналдық саладағы проблемаларды шешу, жұмыстардың сапасын бақылауды күшейту және жоспарланған жобаларды жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.