Көкшетау инклюзивті дамуға қадам жасады: «Бәріне жайлы – Көкшетау» бағдарламасы басталды

Көкшетау инклюзивті дамуға қадам жасады: «Бәріне жайлы – Көкшетау» бағдарламасы басталды

Көкшетау қаласы әкімдігінің аппараттық кеңесінде қолжетімді әрі инклюзивті қалалық орта қалыптастыруға бағытталған «Бәріне жайлы – Көкшетау» бағдарламасы таныстырылды. 2026 жылдан бастап бағдарламаны іске асырудың үш жылдық кезеңі басталады: жаяу жүргіншілер бағыттарын ыңғайландыру, бейімделген аялдамаларды орнату, жиектастарды төмендету, тактильді элементтерді енгізу, әлеуметтік нысандардың барлық азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Сондай-ақ кеңесте қысқы маусымға дайындық, қаладағы абаттандыру деңгейі, инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы, жаңа нысандардың ашылуы және алдағы қалалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.