«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 12 қарашада «РИО» ОСО алаңында Көкшетау қаласы әкімдігінің бастамасымен «Қызмет алушы күні» өткізілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 12 қарашада «РИО» ОСО алаңында  Көкшетау қаласы әкімдігінің бастамасымен «Қызмет алушы күні» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну туралы тұрғындарды ақпараттандыру.
Іс-шараға Ақмола облысы әкімдігінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараға 35-тен астам азамат қатысты.
Қызмет алушы күні қала тұрғындары өз сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес пен қажетті құжаттар тізімі жөнінде ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында шешілмеген мәселелер бақылауға алынып, жұмыс тәртібінде шешілетін болады.
Іс-шарада көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың өкілдері көрсетілетін қызметті алушыларға жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік-еңбек салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, оның ішінде жер учаскелерін ресімдеу, тұрғын үйді жекешелендіру, әлеуметтік, тұрғын үй көмегін алу, оңалту құралдарын алу мәселелерін түсіндірді.