Әдеп жөніндегі уәкіл Көкшетау қаласының «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл Көкшетау қаласының «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді

23 қазан күні Көкшетау қаласы әкімдігінде қалалық әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қызметтік жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін еске сала отырып, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, қызметтік тәртіпті нығайту, адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша ұжымда этикалық нормалардың сақталуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.