Республика күні қарсаңында Көкшетау тұрғындары марапатталды

Республика күні қарсаңында Көкшетау тұрғындары марапатталды

Бүгін Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қала әкімі Әнуар Күмпекеев салтанатты жиынға қатысып, тұрғындарға ел тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – Республика күніне орай ізгі тілегін жеткізді.

Іс-шара барысында марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Президент Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің және Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Қала әкімі марапатталғандарды адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы және қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.