Көкшетауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Көкшетауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Облыс орталығында қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындар, еріктілер, оқушылар мен студенттер белсене қатысты.

Көкшетау қаласында барлығы 4 мыңнан астам жасыл желек егілді, оның ішінде 2 204 түп ағаш және 2 026 түп тірі қоршау. Көгалдандыру жұмыстары қаланың негізгі қоғамдық аумақтарында жүргізілді:

- жаңа қоғамдық кеңістік «Жаңа Жағалауда» – 100 алма ағашы мен 100 бөртегүл отырғызылды;

- «Ескі Жағалау» және «Болашақ Сарайының» қарсы бетінде – 320 түп ағаш: қарағай, алма, қарағаш, үйеңкі және сирень;

- «Мәңгілік Алау» саябағында – 50 түп қылқан жапырақты ағаш (қарағай мен шырша);

- көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық аймақтарда – 1,5 мыңнан астам ағаш және 2 мыңнан астам бұта егілді.

Акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі республикалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.

Басты мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Көкшетаулықтар бұл бастаманы зор ықыласпен қолдап, сенбілікке отбасымен, ұжымдарымен және еріктілер тобы болып шықты. Ортақ еңбектің нәтижесінде қала бұрынғыдан да көркейіп, жасыл және жайлы кейіпке енді.