Көкшетау қаласында әкімнің орынбасарының төрағалығымен кітапхана ісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесіне арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында Айгүл Нүгертаева сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жоғары мәдениетті ұлт қалыптастырудың бастауы – көркем әдебиетті насихаттаудан басталады.
Спикердің пікірінше, заманауи технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект, жастарды және түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға тартудың тиімді құралы бола алады. Интерактивті сервистер мен интеллектуалды ұсыныстар кітапханаға баруды қызықты әрі мазмұнды етуге мүмкіндік береді.
Семинар соңында қатысушылар Көкшетауды еліміздің мәдени астанасына айналдыруға бағытталған идеяны қолдауға шақырды.