Көкшетау қаласының педагогтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Көкшетау қаласының педагогтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«Достар» мәдениет сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге педагогикалық еңбек ардагерлері, қала мектептерінің мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.

Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі табандылығы үшін ризашылығын білдірді.
Қаламыздың үздік педагогтары мамандығына адалдығы, балаларға деген сүйіспеншілігі және білім беру ісіне сіңірген көп жылғы еңбегі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара жылы да мерекелік атмосферада өтті.