Көкшетау қаласының әкімдігінде жер қатынастары мен сәулет саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Көкшетау қаласының әкімдігінде жер қатынастары мен сәулет саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

2025 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ақжол Болатұлы Қылышбаевтың төрағалығымен «Жер қатынастары және сәулет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мекемелері үшін түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізде өткізіліп отырады.

Семинардың мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ Целиноград ауданында ішкі бақылау барысында анықталған заңбұзушылықтарға жол бермеу.

Іс-шараға Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Таңқыбаева Айнұр Жастілекқызы, Красный яр ауылдық округі мен Станционный кенті әкімдіктерінің, сондай-ақ Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімінің мамандары қатысты.

Іс-шара барысында «Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің жер қатынастары және сәулет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша Целиноград ауданына барумен ішкі бақылау қорытындылары туралы» ақпарат тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Семинар мазмұнды болды. Барлық қызықтырған сұрақтарға толық, құзыретті жауаптар алынды.