Көкшетау әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Көкшетау әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар нысандардағы жұмыстардың барысымен танысты.

Теміржол вокзалында шатыр жөндеу аяқталып, әрлеу және инженерлік жұмыстар жалғасуда. №14 мектепте күрделі жөндеу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сабақтар штаттық режимде өтіп, оқушылардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Жөндеу аяқталған соң оқу орнының инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарады.

Әкім Осипенко мен Жүнісов көшелерінің қиылысындағы жол бөлігін де тексерді. Мұнда құбыр жарылуына байланысты ақаулар анықталды. Жөндеу жұмыстары жол астындағы негіз толық кепкеннен кейін басталып, сапалы әрі ұзақ мерзімді қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Красный Яр ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қазір ішкі әрлеу мен аумақты абаттандыру жүргізілуде. Жоба ауыл тұрғындары үшін спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасап, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға серпін бермек.