Көкшетауда Еңбек күні аталып өтті

Көкшетауда Еңбек күні аталып өтті

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев жиналғандарды мерекемен құттықтап, маңдай терін ел игілігіне арнап жүрген еңбек адамдарына терең ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде еңбек майталмандары мен қарапайым жұмысшылардың шаһардың дамуына қосқан ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Салтанатты жиын барысында коммуналдық қызмет, өндіріс, құрылыс, білім беру және басқа да салаларда адал еңбек етіп жүрген азаматтарға қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ республикалық «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шара соңында қонақтарының назарына мерекелік концерт ұсынылды.