ПРЕСС-РЕЛИЗ (баспасөз хабарламасы)

ПРЕСС-РЕЛИЗ  (баспасөз хабарламасы)

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және iлгерiлету, сондай-ақ әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуiрдегi № 243-VI ҚРЗ Заңына сәйкес кейбiр НҚА өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бөлiмi «Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын iске асыру» 14-1-бабымен толықтырылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының негiзiнде, жоғарыда көрсетiлген бабты жүзеге асыру мақсатында «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшерiн және алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының шешiмнiң жобасын әзiрледi.

Осы жоба қазақ және орыс тiлдерiнде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетiмдi. Қолданушылар 2020 жылдың 08 қазаннан бастап 2020 жылдың 22 қазанға дейiн қаулы және шешiмiнiң жобасымен танысып, өз пiкiрлерiн https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5093424 сiлтемесi бойынша «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» бөлiмiнде қалдыра алады.