2025 жылғы 5 қыркүйекте Көкшетау қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Айгүл Бексұлтанқызы Нүгертаеваның төрағалығымен «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Нұрсұлтан Қонысұлы Шытырымбек, сондай-ақ Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Данагүл Ғалиоллақызы Жұмабек қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету, заңнаманы сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдары 15 167 мемлекеттік қызмет көрсетті. Қызметтердің барлық түрлеріне цифрлық құралдар енгізілді, бұл оларды алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп, жылдамдатты.
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметтерді қала әкімдігі, сегіз дербес мемлекеттік орган, екі ауылдық әкімдік көрсетеді.
Қалада Көкшетау қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 21 мекенжайы бойынша Азаматтарды қабылдау орталығы, сонымен қатар Красный яр ауылдық округінде «Сервистік әкімдігі» жұмыс істейді. Аталған алаңдар мемлекеттік органдар жұмысының қолжетімділігін, ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жақын арада Станционный кентінде жаңа «Сервистік әкімдік» ашу жоспарлануда.
Семинар нәтижелі өтті: қатысушылар көкейтесті сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды және мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінде орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/activities/directions?lang=ru.
Тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласа алады: 297-823, 297-824.