Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында Станционный кентінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында Станционный кентінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Станционный кентінде «Viamedis» жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы өтті. Бұл жоба қала әкімінің есептік кездесулерінде тұрғындар тарапынан бірнеше рет көтерілген өзекті сұраныстың нәтижесінде жүзеге асты.

Бұрынғы теміржол вокзалының ғимараты жеке серіктестікке беріліп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында толық қайта жаңғыртылды. Инвестор өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті әрі қызмет көрсету жүйесін жолға қойды.

Қазіргі таңда тұрғындарға күндізгі стационар, дәрігерлік қабылдау, зертханалық қызметтер және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді қызметтер қолжетімді. Алдағы уақытта арнайы мамандардың қабылдауы енгізілмек.

Амбулаторияның ашылуы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылды.