Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, аға буын өкілдері, аяулы қарияларымыз !

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, аға буын өкілдері, аяулы қарияларымыз !

Сiздердi 1- қазан — Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Осы күнi сiздердiң барлықтарыңызға зор құрмет пен ризашылық бiлдiру үшiн бiзде ерекше себеп бар. Бiз өз өмiрiн туған өлкесiне арнаған, ұзақ жылдар бойы жұмыс iстеген, тарихымызды құрған адамдарға тағзым етемiз. Бүгiнде Көкшетау қаласында зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлерi, еңбек ардагерлерi тұрады.

Құрметтi ардагерлер! Сiздердiң үлестерiңiзге соғыс жылдарындағы көптеген қиындықтар, тың игеру, Қазақстанның тәуелсiздiк алу жылдары түстi.

Аса қымбатты қарияларымыз! Сiздер даналықты, тәжiрибе мен бiлiмдi сақтаушысыздар. Жастарыңызға қарамастан, ұрпақ тәрбиелеуге, қаланың ғана емес, бүкiл елдiң қоғамдық өмiрiне белсендi қатысып жүрсiздер. Барлықтарыңыз сүйiктi Көкшетауымыздың қалыптасуы мен нығаюына үлкен үлес қостыңыздар.

Барлықтарыңызға шын жүректен мықты денсаулық, рух сергектiгiн, табыс, амандық және бақыт тiлеймiн! Өмiрлерiңiз жарқын болсын, тек жағымды оқиғаларға толы және әрқашан сүйiктi де қамқор бала, немере мен достар ортасында болыңыздар деген iзгi тiлегiмдi қабыл алыңыздар!

Құрметпен, Көкшетау қаласының әкiмi А.Смайылов