Аса құрметтi ұстаздар қауымы, сiздердi осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз — ұлағатты есiм. Шәкiрт бойына асыл-ой, адамгершiлiк, ұлттық сана-сезiмдi сiңiре бiлетiн, ел болашағын сенiп тапсырар, тәуелсiз Қазақстанның әрi қарай дамуына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтiн мәртебелi тұлға ұстаз. Сiздерден өнеге-бiлiм алып, өмiр теңiзiне құлаш ұрған шəкiрттердiң жарқын жүздерi — өлшеусiз еңбектiң жемiсi.
Алда бiздi жаңа жетiстiктер мен жаңа жеңiстер күтiп тұр. Мемлекет Басшысы қойған мiндеттердi табысты орындай отырып, қаламыздың тұрғындары — ұстаздар қауымы Отанымыздың дамуына, мемлекетiмiздiң өркендеуiне қомақты үлес қосады деген сенiмдемiн.
Баршаңызды ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймын.
Сiздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегi өрелi жұмыстар және мемлекеттiң гүлденуi жолындағы абыройлы iстерiңiзге толымды табыс, зор денсаулық, сарқылмас қуат, шығармашылық пен отбасылық амандық тiлеймiн!
Құрметпен, Көкшетау қаласының әкiмi А.Смайылов.