Көкшетауда республикалық айтыс қарсаңында қала әкімі Әнуар Күмпекеев жыр додасына қатысушылармен кездесті.

Көкшетауда республикалық айтыс қарсаңында қала әкімі Әнуар Күмпекеев жыр додасына қатысушылармен кездесті.

Жылы жүздесуде қала әкімі ақындарды құттықтап, Көкшетаудың жай ғана географиялық атау емес, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай сынды қазақ поэзиясының аңызға айналған тұлғалары өмір сүріп, шығармашылықпен шұғылданған қасиетті өңір екенін атап өтті.

Әкім айтыстың Көкшетауда өткізілуі – өңірдің мәдени әлеуетіне берілген жоғары баға әрі оның бай тарихына көрсетілген құрмет екенін атап өтті. Ол айтыскерлерге шабыт пен сәттілік, өнерлері көрермен жүрегінен орын алуын тіледі.

«Құрмет саған, құрылысшы» атты құрылысшылар күніне арналған республикалық айтыс еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік суырыпсалма ақындарды бір сахнада тоғыстырды. Осы бір күнде қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап келе жатқан тапқыр да терең поэзиядан рухани ләззат алады.