Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев қалалық қызметтердің басшыларымен аппараттық жиын өткізді. Жиын барысында қаланы күзгі-қысқы кезеңге дайындауға қатысты негізгі мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына қазандықтардың, жылу желілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы талқыланды. Қала әкімі барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде толық аяқталуын және дайындықтың ешқандай кідіріссіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, қаланы абаттандыру мен санитарлық жағдай мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өткізілген рейдтердің қорытындылары қаралып, олардың барысында анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ аумақтардың таза әрі ұқыпты сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды.
Жиын қорытындысында қала әкімі:
«Дайындық мерзімдері бұзылмауы керек. Қала қысқа толық дайындалып, тәртіп пен тазалық күн сайын сақталуы тиіс», – деп атап өтті.