Көкшетау қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Новрузов А.А. қала әкімдігінің аппараты мен бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерімен түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында әлеуметтік желілерде жеке және қызметтік парақшаларды мәдениетті және жауапты жүргізу, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін жазбаларды жариялауға жол бермеу, сондай-ақ онлайн кеңістікте іскерлік әдеп нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Берілген ақпаратты бекіту мақсатында қатысушыларға түсіндірмелер мен мысалдар қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға және қоғамның қала әкімдігіне деген сенімін арттыруға бағытталды.