Көкшетау қаласы әкімдігінде Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Көкшетау қаласы әкімдігінде Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

2025 жылғы 29 шілдеде Көкшетау қаласы әкімдігінде кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, буллинг пен нашақорлықтың алдын алу, әскери қызметті насихаттау, компьютерлік клубтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел‑профилактикалық іс‑шараларының қорытындылары қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша алдын алу жұмыстары мен ведомствоаралық өзара іс‑қимылды күшейтуге бағытталған шешімдер қабылданды.