CЕМИНАР ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ АҢДАТПА

CЕМИНАР ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ АҢДАТПА

2020 жылға арналған «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесi саласындағы қызметкерлердi даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру»,(жыл сайын 1300 маманнан кем емес)

Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы және халықаралық стандарттар талаптарының шеңберiнде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ұлттық стандарттау органы «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесi саласындағы қызметкерлердi даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру»,(жыл сайын 1300 маманнан кем емес) тақырыбында семинар өткiзудi жоспарлап отыр.

Семинар (3-күндiк) өтемсiз негiзде (тегiн) өткiзiледi.

Семинар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесi саласындағы өзектi мәселелердi жария етудi көздейдi:

I.Стандарттау саласындағы заңнама.

Стандарттау саласындағы жалпы нормативтiк-құқықтық база.

Мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру кезiнде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселелерi

Отандық өнiм сапасын стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы қолдану арқылы көтеру.

"Халал" өнiмдерi, қызметтер, ақпараттық технологиялар, құрылыс материалдары, автомобиль жолдары, химия өнеркәсiбi бағыттары бойынша стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманың қолданылуын түсiндiру.

II.Метрология.

Өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету туралы нормативтiк құқықтық актiлердi практикалық қолдану.

Халықаралық құқықтық актiлердi және құжаттарды практикалық қолдану мәселелерi.

III.Сәйкестiктi растау.

IV.Техникалық реттеу, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу саласында мемлекеттiк бақылау және қадағалау.

ЕАЭО елдерiндегi нарықты бақылаудың және қадағалаудың заңнамалық негiзi.

ЕАЭО шеңберiнде КО/ЕАЭО техникалық регламенттерiнiң талаптарын сақтау үшiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы.

V.Экспорттаудың басым елдерiнде техникалық реттеу

Семинар жұмысына қатысады:

-техникалық реттеу және менеджмент жүйесi саласында жұмыс тәжiрибесi бар шетел дәрiскерлерi;

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бағыттары бойынша жұмыс iстейтiн сарапшы-аудиторлары;

-техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс тәжiрибесi бар мамандар, сондай-ақ стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң техникалық сарапшылары;

-менеджмент жүйелерi саласындағы мамандар.

Семинарға шақырылады

Мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың өкiлдерi, кәсiпорын, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының), салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, қауымдастықтарының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, ЖОО-ның мамандары, сондай-ақ функциясына техникалық реттеу, метрология және стандарттау мәселелерi кiрмейтiн жұмыскерлерден басқа барлық мүдделi тұлғалар.

Iс-шара шеңберiнде кофе-брейк ұйымдастырылады.

Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар берiледi.

Семинарды ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ұлттық стандарттау органы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгiлiк елi даңғ., 11.

Өткiзiлетiн күндерi және Институт филиалдарымен байланысу үшiн:

Көкшетау қ.а.ж 20-22 қазан8 (7162) 40-21-37, kokshetau@kazinst.kz.

Ұйымдастырушының семинар кестесiне өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.