Станционный кенті тұрғындарының назарына!

Станционный кенті тұрғындарының назарына!

Көкшетау қаласы әкімдігінің «Ашық диалог» жобасы аясында 2025 жылғы 16 шілде күні сағат 09:00-де №7 мектеп ғимаратында Көкшетау қаласының әкімі Ануар Кумпекеевтің Станционный кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу барысында елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер мен инфрақұрылымды жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру бойынша тұрғындардың ұсыныстары қаралатын болады.

Баршаңызды ашық диалогқа белсенді қатысып, өз ой-пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз!