Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Меритократия қағидаты негізінде Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Серікпаев Ерболат Қайроллаұлы тағайындалды.

Ерболат Қайроллаұлы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Көлікті пайдалану, қозғалысты ұйымдастыру және тасымалдауды басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман болып бастаған.

Әр жылдары Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде техникалық қадағалау секторының меңгерушісі, сондай-ақ бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ерболат Қайроллаұлының тұрғын үй-коммуналдық саладағы жалпы еңбек өтілі 7 жыл, оның ішінде 5 жылдан астамы – Көкшетау қаласында.