Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!

Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!

Назар аударыңыздар! М. Әуезов көшесінде көлік қозғалысының уақытша шектелуі

Қала инфрақұрылымын жақсарту және құрылыс-монтаждау, абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 12 шілде күні сағат 09:00-ден бастап 13 шілдеге дейін М. Әуезов көшесінің Біржан сал көшесінен бастап З. Темірбеков көшесіне дейінгі аралығы барлық көлік құралдары үшін толықтай жабылады.

Қоғамдық көліктің қозғалысы келесі баламалы бағыт бойынша ұйымдастырылады:
М. Әуезов көшесі → Н. Назарбаев даңғылы → Абай көшесі → З. Темірбеков көшесі → М. Әуезов көшесі, әрі қарай өз бағыты бойынша.

Шектеу барлық көлік құралдарына, соның ішінде қоғамдық көлікке де қатысты.

Жүргізушілер мен қала тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.


Атқарылып жатқан жұмыстар қалалық ортаны қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған.