Бүгін Көкшетау қаласында қала әкімінің орынбасары АйгүлНугертаеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, отбасылық қолайсыздық жағдайлары, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамау мәселелері қаралды.
Әрбір мәселе бойынша балалардың құқықтарын қорғауға және осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған нақты шаралар қабылданды.
Комиссия қаладағы балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.