Красный Яр ауылында тұрғындармен ашық кездесу ұйымдастырылды

Красный Яр ауылында тұрғындармен ашық кездесу ұйымдастырылды

«Ашық диалог» жобасы аясында 2025 жылғы 10 шілдеде Красный Яр ауылындағы «Көкше» Мәдениет үйінің акт залында Көкшетау қаласының әкімі Ануар Кумпекеевтің тұрғындармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2025 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ауылдық округті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, оларды шешу жолдары айқындалды.

Ауыл тұрғындары кездесуге белсенді қатысып, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдардың жағдайы және басқа да маңызды мәселелерді көтерді. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Қала әкімі халықпен ашық әрі тиімді диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.