Көкшетауда қала әкімі тұрғындармен кездесу өткізді: нақты тапсырмалар берілді

Көкшетауда қала әкімі тұрғындармен кездесу өткізді: нақты тапсырмалар берілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев 2025 жылғы 1 шілдеде қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қала басшысы елде жүргізіліп жатқан жаңғыру бағыты, сондай-ақ халықты толғандыратын өзекті мәселелер туралы кеңінен ақпарат берді. Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелерді шешу үшін жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, аулаларды жарықтандыруды қалпына келтіру, инженерлік желілердің құрылысын аяқтау, тұрғын аудандарды газ және сумен қамтамасыз ету, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, пандустар мен дыбыс оқшаулағыш құрылғылар орнату және қаланың басқа да маңызды мәселелері қарастырылды.

Тапсырмалардың орындалуын бақылау үшін нақты мерзімдер мен жауапты орындаушылар белгіленді. Олардың орындалу барысы заңнама талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурстарда жарияланатын болады.

Кездесу соңында қала әкімі «Үздік аула аумағы» қалалық байқауының жеңімпаздарын құттықтады. Байқау қаладағы барлық аулалар арасында өткізіліп, баға беруде бюджет қаражатына жасалған абаттандыру емес, тұрғындардың өз аулаларына деген жанашырлығы, тазалық пен көркемдігі ескерілді.

Байқау нәтижесінде Абая көшесі, 48 мекенжайындағы аула жеңімпаз деп танылды. Тұрғындардың белсенділігі мен еңбегі үшін аулаға 20 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды. Бұл қаражат аумақты одан әрі абаттандыру мен көркейтуге бағытталатын болады.

Мұндай кездесулер халықпен ашық, жария әрі есепті жұмыс жүргізуге бағытталған.