Бүгін Көкшетау қаласы әкімдігінде қала әкімі төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бөлім басшылары анықталған тәуекелдер мен қабылданған шаралар туралы баяндады.
Қала әкімі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру тәртібін жетілдіруді, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруды, функциялардың қайталануын жоюды және жобалық құжаттаманы келісу процестерін ашық жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар мердігерлермен сот дауларының алдын алу және техникалық қадағалау жауапкершілігін арттыру қажеттілігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасатын болады.