2025 жылғы 1 шілдеде Көкшетау қаласы әкімдігінде қала әкімі төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу мәселелері қаралды.
Құқық қорғау және мүдделі органдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жүйелі және алдын алу шараларын қабылдау үшін нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.