Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және этика нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру кеңесі өткізілді

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және этика нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру кеңесі өткізілді

2025 жылғы 26 маусымда Көкшетау қаласы әкімдігінде қалалық әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Анар Адалатович Новрузовтың қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске халықпен тікелей жұмыс істейтін және жоғары жауапкершілік жүктелген құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Мүдделер қақтығының алдын алу, заңдылық, ашықтық және бейтараптық қағидаттарын сақтау тақырыптарына ерекше көңіл бөлінді.

Анар Адалатович практикалық мысалдар келтіріп, Әдеп кодексінің нормаларын қолдануға қатысты нақты түсіндірмелер берді, сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіліп, мемлекеттік басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.