ПРЕСС-РЕЛИЗ (баспасөз хабарламасы)

ПРЕСС-РЕЛИЗ (баспасөз хабарламасы)

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қылмыстық-атқару кодексiнiң 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13898 болып тiркелген) сәйкес, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «2021 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң қаулысының жобасын әзiрледi.

Осы қаулының жобасы қазақ және орыс тiлдерiнде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетiмдi. Қолданушылар 2020 жылдың 21 қыркүйегiнен бастап бастап 2020 жылдың 5 қазанына дейiн қаулы жобасымен танысып және өз пiкiрлерiн https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4927289 сiлтемесi бойынша «Жұмысқа орналастыру» бөлiмiнде қалдыра алады.