Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы

Ағымдағы жылдың 2-30 маусымы аралығында коммуналдық сала ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жоспарлы жұмыс шеңберінде «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК және «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторларды анықтау, осал процестерді бағалау және оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу көзделеді. Талдау нәтижелері ішкі рәсімдерді жетілдіруге және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің ашықтығын арттыруға негіз болады.