Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау туралы Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 113-1-бабтарына сәйкес, Көкшетау қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 13 тамызда тағайындалсын.
  2. Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың, 2023 жылғы 13 тамызда тағайындалған, Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және қалалық «Степной Маяк», «Kökşetau» газеттерінде жариялансын.
Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау туралы Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
05 июля 2023