Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев 1984 жылғы 11 маусымда Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген.
2005 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Экономика бакалавры" дәрежесімен бітірген.
2007 жылы Ұлыбританиядағы Бредфорд университетін "Экономикалық саясат магистрі" дәрежесімен бітірген.
2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша аяқтаған.
2024 жылы Швейцариядағы Еуропалық бизнес-мектебін "Бизнес әкімшілендіру магистрі" дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
2007-2008 жылдары "Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы" РМК Маркетинг және коммерцияландыру департаментінің директоры, Стратегиялық даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді;
2008-2009 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды;
2009-2012 жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат және нормативтеу департаментінің директоры, басқарушы директор - Басқарма мүшесі болып жұмыс істеді;
2012-2015 жылдары Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді;
2015-2018 жылдары Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі болып жұмыс істеді;
2018-2019 жылдары Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді;
2019-2020 жылдары «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді;
2020-2024 жылдары «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді;
2024 жылы Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарды;
2024 жылғы 9 қарашадан бастап Ақмола облысы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.