Бұл кеш музыкаға, көтеріңкі көңіл-күйге және жарқын эмоцияларға толы нағыз мерекеге айналды. Кент тұрғындары мен қонақтары бірге ән айтып, би билеп, өнерпаздарға қолдау көрсетіп, мерекелік атмосферадан ләззат алды.
Іс-шара барысында маңызды тақырыпқа — есірткі заттарын қолданудың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылды. «Зерделі Ұрпақ» ҮЕҰ еріктілері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, іс-шараға қатысушыларға «Біз есірткіге қарсымыз!» атты ақпараттық брошюралар таратты.
Ratmir және Т. кавер-топқа, ұйымдастырушыларға, еріктілерге және әрбір қонаққа осы тамаша кеш үшін алғысымызды білдіреміз!