
Кенттегі «Көкшетау қаласының №7 орта мектебі» КММ-де жүрекке жылы, көптен күткен Соңғы қоңырау мерекесі өтті.
Осы ерекше күні түлектерді кент әкімі келіп құттықтады. Ол оқушыларға алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басып, қиындықтардан қорықпай, туған мектебін, ұстаздарын және достарын әрдайым есте сақтауға тілек білдірді.
Біздің түлектер үшін өмірдің жаңа кезеңі басталуда. Алда сіздерді үлкен мүмкіндіктер, жетістіктер, жарқын жеңістер және барлық армандарыңыздың орындалуы күтсін! Ақ жол, түлектер!