Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Көкшетау қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай «Халқыма қалтқысыз қызмет еттім» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шара Станциондық қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілді. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Дінмұхамед Қонаевтың ел тарихындағы айрықша орнын таныту, оның мемлекет басқарудағы көрегендігі мен адамгершілік қасиеттерін насихаттау.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен қатысушылар қайраткердің ел дамуына қосқан үлесі туралы тағылымды әңгімелер айтып, өмір жолына арналған фотоматериалдар мен естеліктерді көпшілік назарына ұсынды.