Қатты суықтың түсу кезеңінде кент әкімі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын тексерді.

Қатты суықтың түсу кезеңінде кент әкімі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын тексерді.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне және аяздың басталуына байланысты кент әкімі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап шықты. Тексеру барысында қазандық пен №7 орта мектеп қаралды.
Тексеру нәтижесінде қазандықтың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны, жылу беру тұрақты жүзеге асырылып жатқаны анықталды. №7 орта мектепте температуралық режим талапқа сай, ғимаратта жылу сақталған, оқушылар мен қызметкерлер тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Жағдай бақылауда, барлық нысандар еш кедергісіз қалыпты жұмыс істеуде.