Станционный кентінің әкімі әдеп нормаларын сақтау бойынша жиналыс өткізді.

Станционный кентінің әкімі әдеп нормаларын сақтау бойынша жиналыс өткізді.

Станционный кентінің әкімі Ә. Төлебаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы ұсынымын негізге ала отырып, Станционный кенті әкімі аппаратының қызметкерлерімен әдеп нормаларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында аппарат қызметкерлері тақырыпқа сәйкес баяндамалар жасап, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.