
Станционный кентінің әкімдігі, Краснояр ауылдық округі әкімдігінен «Ауыл – Қарызсыз қоғам жолында» эстафетасын қабылдай отырып, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп тұрғындарға арналған семинар өткізді. Семинар барысында қаржылық сауаттылық бойынша маман Дауренбек Жусупов «Қарызсыз қоғам» және «Отбасының сандық картасы» жобаларының негізгі бағыттары мен мақсаттарын түсіндірді.
«Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша ұйымдастырылған мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз жүктемесін азайту және жеке қаражатты басқару мәдениетін қалыптастыру болып табылады.