Станционный кентінің әкімі еңбек және атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Станционный кентінің әкімі еңбек және атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Станционный кентінің әкімі Әлібек Төлебаев аппарат қызметкерлерімен жұмыс жиналысын өткізіп, онда еңбек және атқарушылық тәртіп мәселелері қаралды. Жиын барысында әкім қызметтегі тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, қызметкерлерге өз міндеттерін уақытында және сапалы орындау қажеттігін айтты. Еңбек заңнамасын қатаң сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану және қызметтік жауапкершілікті арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар қызметтік әдеп талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, жұмыс тәсілдерін жетілдіру және әдеп бұзушылықтардың алдын алу бағыттары талқыланды.