Құрметті Станционный кентінің тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымыз — еліміздің егемендігі мен тұтастығының, демократиялық құндылықтар мен азаматтық құқықтардың берік негізі.
Конституция — халқымыздың еркіндігі мен ел бірлігінің кепілі. Осы маңызды мереке әрқайсымыз үшін елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыра түседі.
Ата Заңымыздың арқаасында мемлекетіміз дамып, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалып келеді.
Осы жолда баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік тілейміз!
Конституция күні құтты болсын!