Красный Яр ауылында сенбілік

Красный Яр ауылында сенбілік
 
Бүгін Красный Яр ауылында су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық және жеке тұрғын, әлеуметтік нысандарды еріген сулардын басуына жол бермеу аясында сенбілік өтті. Красный  Яр тұрғындары мен барлық меншік нысанындағы ұйымдардың өкілдері аумақты  қардан тазарту және арықтарды тазарту сенбілігіне белсенді қатысты.
 
🔹 Іс шараға 250 ге жуық адам қатысты
🚜 8 бірлік техника жұмылдырылды
❄️ Сенбілік кезінде  1200 текше метр қар шығарылды
 
Бұл жұмыс қалыпты дренажды қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін өте маңызды. Біз барлық қатысушыларға біздің ауылдың өміріне белсенді қатысқаны және бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтамыз.