Бокстан дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті

Бокстан дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті

5-9 қаңтар аралығында Красный яр ауылында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының қол күресінен еңбегі сіңген жаттықтырушысы Мереке Жүсіповке арналған дәстүрлі бокс турнирі өтті. Бұл турнир жыл сайын өткізіледі және жыл сайын қатысушылар мен көрермендер саны артып, өңірдің спорттық өміріндегі маңызды оқиғаға айналуда.

Биыл турнирге Омбы, Қосшы, Петропавл, Қостанай, Көкшетау қалаларынан және Қызылтан, Шантөбе, Қызылжар ауылдарынан 74 жасөспірім қатысты. Турнир шын мәнінде спорт мерекесіне айналып, дарынды жас боксшыларды өз қанатының астына жинады.

Бүгін дәстүрлі бокс турнирінің салтанатты жабылуы болып, салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталды:

  • 33 кг – 1 орын: Архипов Ярослав (Көкшетау қ.)
  • 35 кг – 1 орын: Қайрат Санжар (Қостанай қ.)
  • 37 кг – 1 орын: Көкбас Қақназар (Петропавл қ.)
  • 40 кг – 1 орын: Надеев Максим (Қостанай қ.)
  • 43 кг – 1 орын: Сүлейменов Нүрсеят (Красный яр а.)
  • 46 кг – 1 орын: Бақытжан Жігер (Қостанай қ.)
  • 49 кг – 1 орын: Серікбай Ислам (Красный яр а.)
  • 52 кг – 1 орын: Кайкенов Ахмед (Көкшетау қ.)
  • 55 кг – 1 орын: Престель Никита (Көкшетау қ.)
  • 58 кг – 1 орын: Сейітжан Дамир (Зеренда)
  • 61 кг – 1 орын: Алиев Рахат (Қостанай қ.)
  • 70 кг – 1 орын: Фураев Роман (Көкшетау қ.)
  • +70 кг – 1 орын: Кенжеболат Жалғас (Красный яр а.)

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Бұл турнир жас спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен шеберлігінің кезекті дәлелі болды. Келесі жарыстарды асыға күтеміз!